Мектеп формасы
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат қағидаттарын сақтау мақсатында Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарында оқушылар үшін бірыңғай қою көк түсті мектеп формасы енгізілген болатын.
Бұл талап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мектеп формасының түсі: қою көк.
Форманың үлгісі: классикалық стильде.
Ұл балаларға арналған мектеп формасы:
- пиджак, жилет, шалбар,
- ақ түсті салтанатты көйлек, күнделікті ақ көйлек,
- суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка.
Брюкалардың үлгісі – кең пішілген, аяқтың сирақтарын жауып тұруы тиіс.
Ұсынылатын ең аз жинақ: көйлек, жилет және шалбар.
Қыз балаларға арналған мектеп формасы:
- пиджак, жилет, белдемше, шалбар, сарафан, классикалық ақ блузка,
- суық мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка.
Шалбарлар – кең пішілген, аяқтың сирақтарын жауып тұрады.
Белдемше ұзындығы – кеңсе үлгісінде, тізеден 5 см жоғары болмауы тиіс.
📌 Ата-аналар мектеп формасын ұсынылған үлгіге сай кез келген сауда орнынан өз қалауы бойынша сатып алады.